Ел дамуына серпін береді

Ел дамуына серпін береді almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығымен бірлескен аймақтық отырысы өтті.


Жиын барысында «Қазақстандық қоғам­ дық даму институты» КеАҚ мүшелері Жолдаудың басым бағыттарының маңызын түсіндірді. Екі сағатқа созылған отырыста қатысушылар бес бағдарға бөлінген Жолдау­ дағы ел дамуына серпін беретін салаларға жеке-жеке тоқталды. Жолдауда жарияланған реформалардың бағыт-бағдары, халықты әлеуметтік қолдау, елдің экономикалық дамуы, жаңа экономикалық саясаттың мақсаты, білім мен денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларындағы өзгерістер, құрылыс, жер, жастар мәселелері кеңінен айтылды.



«1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы кезінде Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде сайлау науқаны қатаң түрде еліміздің заңнамасына сәйкес жүргізілетіндігіне кепілдік беретінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру маңызды екенін атап өтіп, ауқымды реформалар пакетін жолдады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін жариялап, Президенттің өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды», – дейді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова.



Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі саясаттанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҚР ҒЖБ ҒК Фило софия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері және ҚҚДИ сарап­шылары қатысты. Отырысқа қатысушылар сайлаудың саяси жүйедегі рөлін талдап, кезекті сайлау процесіндегі инновациялар мен өзгерістерді, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуді талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09