Ел бойынша коронавирусқа шалдыққан 594 адамның жағдайы ауыр

Ел бойынша коронавирусқа шалдыққан 594 адамның жағдайы ауыр
Сурет: Rbc.ru

 Коронавируспен ауырып жатқан 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 28 қазандағы ақпаратты жариялады, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz

28 қазандағы мәлімет бойынша 49 270 адам коронавирус инфекциясынан (43 376 КВИ+ және 5 894 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

 8 485 пациент стационарда,
 
 40 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 594 адамның жағдайы ауыр,

 152 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.