ЕЛ БИЛІГІНДЕГІ ЕКІ ЖЫЛ

Президент қалыптастырған басқару командасының жоғары кәсібилігін көрсетті

Кеше еліміздің өміріндегі тарихи оқиға – Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлауында (2019 жылғы 9 маусым) Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70,96% дауыс жинап, жеңіске жеткеніне 2 жыл толды. 2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті қызметінен кетті. Нәтижесінде, ҚР Заңнамасына сәйкес, Мемлекет басшысының міндетін Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев атқара бастады. Сол жылдың жазында ол мерзімінен бұрын өткізілген Президенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын. Бұл – Тұңғыш Президенттің дұрыс шешім қабылдағанының айқын көрінісі еді.

СЫН-СЫНАҚТАР КЕЗЕҢІ…

Жаңа Президентті ұлықтау рәсімінен кейін Қазақстан бірден түрлі сын-сынақтарға тап болды. 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймада снарядтар жарыла бастады. Қалашық қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда бомбалардан жер бетінен толығымен жойылып кете жаздады. Үрейленген халық қаладан безе бастады, шұғыл түрде тұрғындарды эвакуациялау шаралары ұйымдастырылды. Сол күні кешке зардап шеккен өңірге Мемлекет басшысы ұшып барды. Ол жергілікті халықпен кездесіп, оларға қаланы қысқа мерзімде қалпына келтіруге уәде берді. Солай болды да! Тұрғындар бар болғаны үш айдан кейін Арысқа қайта оралды.

2019 жыл Алматы тұрғындары үшін қайғылы оқиғамен – 28 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауымен аяқталды. 12 адам қаза тапты, 52 адам зардап шекті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуді, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, бұл күнді «Жалпыұлттық аза тұту» күні деп жариялады. 2020 жылдың ақпан айының басында Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай атыс болып, 11 адам қаза тапты, 100-ден астам адам зардап шекті. Ондаған үйлер мен көліктер өртенді. Президент төтенше жағдай режимін жариялап, жергілікті жұртшылық өкілдерімен, оның ішінде дүнген диаспорасымен кездесу үшін Қордай ауданына өзі барды. Нәтижесінде, осы өңір әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев пен Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Азамат Айхимбеков атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов отставкаға кетіп, Бердібек Сапарбаев жаңа әкім болып тағайындалды. Жағдай тез арада тұрақтандырылып, бақылауға алынды.

Ал наурыз айынан бастап бүкіл әлемді жаппай коронавирус пандемиясы жайлағаны белгілі. Қауіпті індет Қазақстанға да жетті. 13 наурыз күні елордада алғашқы вирус жұқтырған адам тіркелгеннен кейін, 15 наурыз күні Мемлекет басшысы жедел түрде төтенше жағдай жариялау туралы нақты шешім қабылдады.

Қазақстан тарихында алғаш рет республикалық ауқымдағы карантин енгізілді. Бұл еліміз үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені, бұрын-соңды мұндай жаппай эпидемияларды біздің мемлекетіміз бастан кешірмеген еді. Коронавирус біздің жаһандық процестермен қаншалықты байланыста екенімізді көрсетті. Біздің батыс елдерінен кем емес деңгейде басқа түскен қауіпке жауап қайтара алатын әлеуетіміз сынға түсті.

Бұл ретте жас мемлекеттің жаңа жағдайда әрекет ету тәжірибесі болмағанын да ескерген жөн. Бұл жылдарда қабылданған шешімдер Президент қалыптастырған басқару командасының жоғары кәсібилігін көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтуді, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуін шектеуді, сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұруды тапсырды.

Карантин енгізілгеннен кейін Қорғаныс министрлігі мен ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды. Көліктің барлық түрлеріне республика аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылды. Уақытылы және өте қатаң шаралардың нәтижесінде пандемияның ауыр зардаптарының алдын алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, біздің азаматтар өзге елдердегідей тағдырдың тәлкегіне қалмады. Бір ай ішінде 4,3 миллион адам қаржылық көмек алды, аз қамтылған немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған 570 мыңнан астам адамдар азық-түлік жиынтығын алды. 1,6 миллионнан астам азамат пен 11,5 мың ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 360 миллиард теңгеден асатын қарыздары мен кредиттерін төлеу уақыты кейінге шегерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Еріктілер жылына пандемия тұспа-тұс келіп, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу үшін еріктілер, белсенді қоғам қайраткерлері мен жанашыр азаматтар жиналып, қолұшын созғандары кездейсоқтық болса да, таңқалдырмай қоймады. Елбасының бастамасы бойынша «Birgemiz» қоры құрылды. Одан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге қаражат бөлінді. Бұл ақшаға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары сатып алынды, ал оларды барын салып жүрген жанашыр волонтерлер үй-үйге жеткізді.

Осы кезеңдегі және бір сын сағаты 1 мамырда соқты. Өзбекстан аумағындағы бөгет жарылып, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының бес елдімекенін су басқаннан кейін еріктілердің жұмысы көбейе түсті. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Президент Тоқаев зардап шеккендерге мыңнан астам үй салынатынын мәлімдеді. Әр тұрғынға 100 мың теңгеден төленді. Еріктілер оларға азықтүлік, киім, дәрі-дәрмек және медициналық бетперделер жеткізді.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

2019 жылдың қыркүйегінде ҚасымЖомарт Тоқаев Мемлекеттік органдардың қызметінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылатынын жариялады. Бұл тұжырымдама инаугурация күні Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде талқыланды. ҰҚСК құрамына сарапшылар, белсенділер, қазақстандықтардың сеніміне ие белгілі қоғам қайраткерлері кірді. ҰҚСК саяси либералдық реформалар пакетін әзірлеу алаңына айналды. Оның негізгі идеясы: негізгі капитал – адамдар деген қазіргі заманғы ұстаным болды. Адами капиталды дамыту үшін оларға тиімді жағдай жасалуы керек. Ал бұл бағдар саяси бостандықпен, адал соттармен, ашық құқық қорғау жүйесімен, ашық жергілікті атқарушы органдармен, ұлттық байлықтарды әділ және ұтымды пайдаланумен сипатталмақ.

Біз күнделікті өмірде мән де бере қоймаймыз, Қазақстан небәрі екі жыл ішінде адам танымастай өзгерген. Тіпті, бүгінде мемлекет пен қоғамның өзара байланысының негізгі алаңына айналған әлеуметтік желілерде шенеуніктер халықтың талап-тілектеріне неге 15 минутқа дейін кешіктіріп жауап береді, неге 5 минутта жауап бермейді деген шағымдар жиі айтылады.

Бұдан екі жыл бұрын мемлекеттік қызметкерлер Facebook-топтағы жекелеген шағымданушыларға да жауап беруге міндетті деген талаптың қойылуының өзі бізге өрескелдеу көрінетін. Ал қазір қазақстандықтар «Бюджетке қатысу» деп аталатын жаңашыл жүйе арқылы жергілікті бюджеттің қайда жұмсалып жатқанынан хабардар болып, оны жасақтауға өздері де қатысуға мүмкіндік алды.

Енді ең танымал идеяларды ҚасымЖомарт Тоқаевтың өзі қолдайды. Оның тапсырмасы бойынша, мысалы, ҚР Заңнамасында мемлекеттік қызметкерлердің қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлықпен ұсталғаны салдарынан отставкаға кету міндеті жазылған. Мемлекет басшысы жылжымайтын мүлік нарығындағы толқу әлі бәсеңдемегендіктен, азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шұғыл қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндігіне жол ашып, осы шараларды жалғастыруды тапсырды.

ҰҚСК-нің екінші отырысынан кейін Президент жала жабу туралы бапты Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыра отырып, оны декриминализациялау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қозғау туралы баптары қалпына келтіріледі. Бұл тұрғыда ол құқық қорғау органдарының жұмысына басты назар аудармақ.

– Егер бейбіт күндерде, біз, өз халқымыздың амандығын, бірлігін сақтай алмасақ, онда бұл мемлекетімізге сын болады. Этносаралық келісім, қоғамдағы тұрақтылық – біздің басты құндылықтарымыз. Адамдар өз қауіпсіздігіне алаңдамауы керек. Сондықтан полицейлер заңдылық пен тәртіптің сөзбен емес, іс жүзінде орындалатынын дәлелдеуі керек, – деп қадап айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Себебі, мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның бірлігін сақтау – қазіргі полицияның басты міндеті. Оның шешімі қызметкерлердің кәсіби деңгейіне, патриотизм мен қайсарлық рухына байланысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа сынтегеуріндер қоятынын айтады. Сондықтан мемлекет елде бизнес жүргізу жағдайларын жүйелі түрде жақсартуды жалғастырады. Оның тапсырмасы бойынша сапалық тұрғыдан жаңа реттеу жүйесін әзірлеу басталды. Барлық бақылау және қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеу құралдары ауқымды және нақты аудитке жатқызылады.

ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ШЕШІМ

Екі жыл бұрын Президент қоғамды демократияландыру туралы тарихи шешім қабылдады. Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта Сайлау туралы конституциялық Заңға өзгертулер енгізіліп жатыр. Өзгерістердің басты мақсаты – әйелдер мен жастарды сайлау процесіне тарту. Сондай-ақ, енді Қазақстанда саяси партияны тіркеу үшін 40 емес, 20 мың ғана қол жинау жеткілікті болмақ. Сондай-ақ, заң әйелдер мен жастар үшін сайлау партияларының тізіміне 30 пайыздан кем емес көлемде квота енгізді.

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл реформа 2345 әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдерін қамтиды және оның ішінде 836 әкім осы жылдың екінші жартысында тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Сондай-ақ, құжат әкім болуға кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейді. Олар 25 жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары және Мемлекеттік қызмет туралы Заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен өзін-өзі ұсынған кандидаттар сайлауға дауыс беруге құқылы сайлаушылар санының кемінде 1%-ынан қол жинау арқылы қатыса алады. Сонымен бірге, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі, ұсынылған кандидаттар болмаса немесе тек бір ғана ұсыныс болған жағдайда, тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы болады.

Сонымен қатар, саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне сайлауға өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетіліп, барлық деңгейдегі бюллетеньдерге «Барлығына қарсы» деген баған қосылады.

Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Президент ұсынған «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанының дәлелі болды. Бұған қоса, бұл 2019 жылдың маусымында Мемлекет басшысының жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган – ҰҒСК үшін де сәтті болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның саяси талаптарға әлі ресімделмеген мәселелерін де тыс қалдырмады. Нақтырақ айтқанда, қоғамдағы зорлық-зомбылық – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, жануарларға қатыгездік проблемалары.

Қазақстандық қоғамдағы зорлықзомбылықты жою жұмысы енді басталды. Бірақ орын алған төтенше жағдайға қарамастан, орасан зор өзгерістерге жол ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта да өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *