Ел азаматтары шетел валютасынан гөрі теңгеге басымдық береді

Ел азаматтары шетел валютасынан гөрі теңгеге басымдық береді
Сурет: 7kun.kz

Қазақстандықтар депозит ашқанда, теңгені көбірек таңдайды.

2015 жылдан бастап ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 24% тен 65%-ке дейін өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Jjtv.kz-ке сілтеме жасап. 

Финпром.кз порталының дерегінше, биылғы қыркүйек айының аяғында халықтың екінші деңгейдегі банктердегі қаржылай салымдары 14,7 триллион теңгені құрады. Бұл ретте теңгенің үлесі басым. Шамамен ол 65%-тен асты. Қалған депозиттер шетел валютасына тиесілі. Осыдан 7 жыл бұрын 76,4%-пен дәл осы көрсеткіште керісінше, шетелдік ақшаның салымдары үстемдік құрған еді. Ал, 2016-шы жылы оның көлемі тіпті 80%-ке дейін жеткен болатын. Бұдан былай бұл межеден аспай теңгенің дәуірі басталды.

Қазақстандықтар қаржысын ұлттық валютамен жинауға ден қоя бастады. Оны жөн шешім деп тапқандардың қатары жылдан-жылға артып келеді. "Оған елімізде экономиканы долларсыздандыру, монетарлық саясаттың тиімділігін және ұлттық валютадағы активтердің тартымдылығын арттыру мен теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы сынды қабылданған шаралар ықпал етті", - дейді сарапшылар.