Ел аумағында 145 адамнан қызылша анықталды

Ел аумағында 145 адамнан қызылша анықталды
Сурет: Liter.kz

Оның 75-і зертханада дәлелденді.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар. Көбі - екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп отыр. Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.