Еліміз екпемен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында

Еліміз екпемен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында Сурет: 24.kz

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.


Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Әлемдік рейтингке сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізген 205 елдің ішінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында тұр және вакцинациямен қамту халық санының 41 пайызға жуығына жетті. ТМД елдері ішінде Қазақстан мен Әзербайжан ғана халықты вакцинациямен қамтуда 40 пайыздан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», - деді министр. Оның атап өтуінше, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. «1-компонент 8,5 млн адам екпе алды. Екпе алуға тиісті халықты қамту 74 пайызды немесе халық санының 44,8 пайызын құрайды. 2-компонентпен шамамен 7,7 млн адам қамтылды», - деді Алексей Цой.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11