Елімізге Халықаралық валюта қоры қомақты қаржы бөлді

Елімізге Халықаралық валюта қоры қомақты қаржы бөлді
Сурет: Goodfon.ru

Қомақты қаржы.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға 1,6 млрд доллар бөлді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстанға арнайы қарыз алу құқығына тең 1,6 млрд доллар бөлді. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлінген қаражат халықаралық резерв құрамын түзету немесе бюджет шығыстарын қаржыландыру мақсатында еркін пайдаланылатын валютаға айырбастау үшін жұмсалады.

Жалпы Халықаралық валюта қоры ұйымға мүше елдерге 650 млрд доллар бөлген.