Елімізде жаңа жылдық сауық кешін өткізуге бола ма?

Елімізде жаңа жылдық сауық кешін өткізуге бола ма?
Сурет: New-year-party.ru

Мұны әр өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды.

Бұл сұраққа жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», - деді Александр Цой.