Елімізде тағы бір қаржылық пирамиданың жолы кесілді

Елімізде тағы бір қаржылық пирамиданың  жолы кесілді
Сурет: Рsm7.com

Соңғы уақытта елімізде қаржылық пирамидалар да, оларға сеніп, барынан айырылғандар да көбейіп кетті. 

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің келтірген шығыны 450 млн. теңгеден асады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабымен және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «LV Force» қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында «LV Force» қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. 

Қаржы пирамидасына 2000-нан астам адам алданып қалған. Келтірілген шығын 450 млн. теңгеден асты. Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.