Еліміздің тағы бір өңірінде Абай ескерткіші ашылды

Еліміздің тағы бір өңірінде Абай ескерткіші ашылды
Сурет: 24.kz

Ұлы ақынның ескерткіші Атырауда бой көтерді

Атырауда Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Ұлы ақынның 175 жылдығына жоспарланған ескерткіштің ашылу сәті бүгін түсіп отыр. Құны 145 млн теңге болатын мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 11 метр.

2019 жылы республикалық ашық конкурс арқылы мүсінші Асқар Нартовтың ескерткіш-жобасы қолдау тауыпты. Ал оны орнату үшін қалалық мәдениет бөлімі 2021 жылдың 3 қарашасында  «Балқыту» ЖШС-мен келісімшартқа отырған. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, дәл осы жоба үшін облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы жемқорлық дерегі бойынша күдікке іліккен еді.

Облыстық соттың мәлімдемесі бойынша, Хаменованың кінәсі дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығына айырылуы мүмкін.

Құралай Құмарова, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары: – Бұл ескерткіш 2018 жылы ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен таңдалған болатын.

Екі ескерткіш жобасының ішінен біреуі таңдалып, мүсінші Асқар Нартовтың ескерткіші таңдалды. Астындағы тұғырымен қоса алғанда 11 метрді құрайды. Жоба құны - 145 млн теңге.