Еліміз «Astana Hub» арқылы 500 млн долларлық IT-қызметтерді экспорттамақ

Еліміз «Astana Hub» арқылы 500 млн долларлық IT-қызметтерді экспорттамақ
Сурет: Finance.kz

IT саласы жандануда

«Astana Hub» 500 млн долларлық IT-қызметтерді экспорттамақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Интеллектуалды навигациялық жүйе, білім беру платформалары, заманауи қала көшелерінің бейнеталдауы және тағы да басқа қызметтер.

Бұдан өзге IT саласының кәсіпқойлары тағы не дайындауда? «Astana Hub» мүшелерінің күнделікті тың ойлары қазақстандықтардың өмірін әлдеқайда жайлы ететін нақты жобаларға айналуда. Бүгінде талантты қазақстандықтар тұтас корпорациялар құруда. Мұндай бизнес тың идеядан бастау алуда.

Бұл – Қанат Келдібековтің идеясы. Онлайн басқаруға болатын «ақылды» құлып. Ол өзі жылжымайтын мүліктің иесі бола тұра, бірнеше рет қоныстанғысы келетін азаматтармен дұрыс кездесе алмаған. Нәтижесінде жаңа технология аталған мәселенің шешімін табумен қатар, табысты бизнес көзіне айналған.

«Дами бастадық, мобильді қосымша жасадық. Қытайдан жеткізуші тауып, алғашқы партиясын алып келіп пайдаландық. Біз мобильді қосымша арқылы пәтерді 1 минутта жалға алуға болатын өнімді жасап шығардық. Бұрын кептелісте тұратын уақыттан бөлек жалға алу үшін 1-2 сағат кететін болса, қазір басқаша. Үйге қоныстануға көп уақыт кетпеуін қадағалаймыз және қаражатыңызды үнемдейміз», - деді стартаптың негізін қалаушы Қанат Келдібеков.