Еліміз Қырғызстанмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Еліміз Қырғызстанмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Сурет: Тolqyn.kz

Қырғыз елінің Ош қаласында Түркі кеңесіне мүше елдер жастарының үшінші форумы өтті

Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан мен Қырғызстан делегациялары түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтаудың маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Басқосуға қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар әлеуетін дамытуға жағдай жасау жөніндегі бастамасына ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан халқы Ассамблеясы жастар құрылымдарының көшбасшылары жеке кездесу өткізді.

Қырғыз тарапын еліміздің жоғары білім беретін оқу орындары мен онда қалай оқуға болатыны аса қызықтырды. Сондай-ақ білім беру жәрмеңкесін өткізу ұсынылды. Қос елдің жастар ұйымдарының басшылары жиі кездесуге келісті.

«Қазіргі тұста қоғамымыздың бәсекелестік қабілеті азаматтардың сауаттылығына байланысты болып тұр. Бүгінде орта мен жоғары білім берудің сапасын арттыру керек. Бұл туралы Президентіміз айтты. Жоғары білім беру саласында бәсекелес орта құруға септігін тигізетін заң жүйесін құру мен тиісті шешімдер қабылдау бойынша Үкімет пен Парламентке нақты тапсырмалар берілді», - деді республикалық «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.