Екі күн демалыста ауа райы қандай болмақ?

Екі күн демалыста ауа райы қандай болмақ?
Сурет: Inalmaty.kz

Демалыс күндері күн біршама жылынады

«Қазгидромет» РМК 6-8 қараша аралығындағы ауа райы болжамы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды

«Өтіп бара жатқан антициклон демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райын қалыптастырады. Бұл ретте температураның біртіндеп көтерілу үрдісі сақталады.

7-8 қарашада Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы: батыста түнде -5 градус аяз +5 градус жылы, күндіз +5+15 жылы; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде -3-11 градус аяз, +1+8 градус жылы; оңтүстікте түнде -1-10 градус жылы, күндіз +3+12 градус жылы; оңтүстік-шығыста түнде +5+15 градус жылы, күндіз -3 аяз +8 градус жылы болады», - делінген синоптиктер хабарламасында.