Экс-президент тағы бір атағынан айырылды

Экс-президент тағы бір атағынан айырылды
Сурет: Inform.kz

«Құрметті сенатор» мәртебесі Нұрсұлтан Назарбаевқа 2019 жылдың 30 мамырында берілген.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, енді «Құрметті сенатор» атағы ешкімге берілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы бір-ақ адамға берілген. Енді заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Оны бірден айтайын. Сенат регламентіне өзгеріс енгізілді. Осы регламентте қарап, оны алып тастадық. Бұған дейін ол бір-ақ адамға берілді. Енді мұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені қазір бізде ондай құқықтық негіз жоқ, оны алып тастадық», - деді Әшімбаев.

Оның айтуынша, осыдан үш апта бұрын Сенат регламентіне тиісті өзгеріс енгізілген.

«Осыған байланысты біз «Құрметті сенатор» атағын регламенттен алып тастадық. Енді бізде ондай институт жоқ. 2022 жылы өткен референдумда бүкіл халық қолдап, Конституциядан Елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Ертең "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" заң күшін (Парламент палаталарының бірлескен отырысында) жояды», - деді Сенат төрағасы.