Екпе салдырып БАӘ-не жолдама ұтып алуға болады

Екпе салдырып БАӘ-не жолдама ұтып алуға болады
Сурет: Tripzaza.com

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады.

Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Басты сыйлық - Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама.

«Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің «Вакцина ал - жүлде ал» науқанымыз жалғасын тапты. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификат өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз»,- деп жазды Гүлнар Ахметжанқызы.