Екпе алған қазақстандықтардың саны

Екпе алған қазақстандықтардың саны
Сурет: Ria.ru

Алматыда 657 045 адам екпенің алғашқы дозасын алған.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 19 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 895 174 адам салдырған. Ал екпенің II компонентін алған адам саны - 2 798 360.