«Екпе алуға өз еркіммен келдім»

Алматыда халық арасында жаппай вакциналау басталды. Мегаполиске «Спутник V» вакцинасының 47 мың дозасы жеткізілді. Жақын арада тағы да 424 мың доза әкелінеді.

Қала бойынша барлығы 198 егу пункті ашылды: барлық емхана мен жеке медициналық орталықтарда, 20 сауда-ойын-сауық орталығында, базарларда, ХҚКО-да, сондай-ақ Республика сарайында. Екпе алуға барар алдында тұрғындарға вакцинаның бар-жоғын анықтау ұсынылады.


Егу кабинеттері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай. Алдағы уақытта олардың санын 250-ге дейін арттыру жоспарлануда. Әр пунктте екі кабинеттен бар. Біреуі пациенттерді жазба бойынша қабылдауға, ал екіншісі кезекте тұрған адамдарға қызмет көрсетуге арналған.


Әрбір пациент, медбикелердің екпе пункітінің кіреберісінде температурасы өлшенеді. Екінші кезеңде вакцина алуға келісімге қол қояды, нөмір алады және өз кезегін күтеді. Кезегі келгенде дәрігерге барып, қан қысымы өлшенеді.

Екпе алушы диспанер есебінде тұр ма, қарсы көрсетілімдер бар ма деген сияқты жалпы негізде тексерістен өтеді. Сауалнаманы толтырып, тіркеу үшін келесі кабинетке өтеді. Одан соң екі медбике вакцина салады. Екпеден кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады. Екпе салу алгоритмі осындай.
Екпе алған адамның алғашқы үш күнде дене қызы көтерілген жағдайда дәрігерден телефон арқылы кеңес ала алады. Қазір вакциналауға «Электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ, емханалардың Call-орталықтарының телефондары арқылы жазылуға болады.
Қаладағы алғашқы егу орталықтарының бірі Республика сарайының астыңғы қабатында ашылды. Қазіргі уақытта мұнда 1000-нан астам адамға екпе егілді.
– Екпеге келгендердің басым бөлігі – қала мен облыс тұрғындары. Кеше бізге 100 доза вакцина берілді, бүгін 1000 доза бөлінді. Бір ағымда біз 100 дозаны қолданамыз, содан кейін бөлмені кварцтауға жабамыз. Түскі асқа дейін бізде 70 адам екпе алды. Ревакцинация, яғни екінші екпені де бір жерден алуға болады, – дейді Медеу ауданына қарасты емхана қызметкері Мейізкүл Сайдаева.
Біз сөзге тартқан қала тұрғыны, екпе салдырушы Данияр Қалықұлы өзін жақсы сезініп тұрғанын жеткізді.

– Мен кәріс асханасында жұмыс істеймін. Осы жерде халыққа вакциналау жүріп жатқандығын естіп, салдыруға келдім. Көпшілік орында істейтіндіктен ауырып қалмауыма кепілідк жоқ қой. Сондықтан қауіпті індетті отбасыма жұқтырмау мақсатында осы шешімді қабылдадым. Міне, вакцина салдырғаныма жарты сағаттай болды, өзімді күндегідей қалыпты сезініп отырмын. Ешқандай кері әсері байқалған жоқ. Мұнда білікті мамандардың жұмыс атқарып жатқаны көрініп тұ , минут сайын жағдайымызды біліп тұрады. Алдағы уақытта қасымдағы достарыма , жақындарыма да екпе салдыруға шақырамын. Себебі, бәріміздің бұрынғыдай емен-жарқын жүргенімізді қалаймын. Ал ол үшін баршамыз екпе алып, мына кеселдің жолын кесуіміз керек деген ойдамын, – дейді ол.
Бүгін Жібек жолы даңғылы, 53 мекен-жайында орналасқан екпе егу орталығы да вакцина алуға ниет білдірушілер үшін есігін айқара ашты. Мұнда дүйсенбіден сенбіге дейін 8 медицина қызметкері жұмыс істейді. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі күні сағат 17.00-ге дейін). Сонымен қатар, екпе пункттеріне С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 4-курс студенттері ерікті ретінде жұмылдырылған. Қазіргі уақытта бұл орталықта 30 адам екпе алды.


«Мега» сауда орталығының астыңғы қабатында орналасқан фойеде тіркеу үшін сегіз компьютер, одан әрі күту залы, екпе алуға арналған кабинеттер және бақылау залы орнатылған. Мұнда №5 қалалық емханадан 70 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олар екі ауысымда, 8 дәрігер түскі асқа дейін, 8-і түстен кейін тіркеу, сұрыптау, егу кабинеттерінде жұмыс істейді.
– Қала әкімдігімен, СЭС және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілдерімен бірлесіп екі апта ішінде пунктті дайындадық. Бізде 8 вакциналау тобы жұмыс істейді. Вакциналау таңғы сағат9.00-дае басталды, пунктке 2000 доза бөлінді. Біз сауда орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында пункт туралы ақпарат жарияладық. Сауда орталығының ішінде де ақпараттық материалдар бар. Сонымен қатар, орталыққа келген әрбір тұрғынға дәрігерлер кеңес беретін болады, – «Mega Park» СОО директоры Михайль Толмачев.
Алматылық Лидия Руденко қызымен бірге Сovid-19-ға қарсы екпе алуға келген екен, пікірін сұрадық.
– Менің жолдасым мен күйеу балам 2 сәуірде екпе алды. Олар алдымен екпе туралы, оның қандай қарсы көрсеткіштері болуы мүмкін екендігін әлеуметтік желіден зерттеді. Сосын барыпосындай қадамға барды. Вакцинаны №12 емханада қабылдады. Екеуінің де денсаулығы өте жақсы. Енді екінші кезеңді күтеміз, – дейді алматылық тұрғын.

Гүлжанат СЕМБАЕВА,
Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *