Екпе алмаған балаларды мектепке кіргізбей ме?

Екпе алмаған балаларды мектепке кіргізбей ме?
Сурет: Inform.kz

Рfizer вакцинасы 12 жастан бастап салынады.

Елімізге Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы жақында жеткізіледі дейді ҚР ДСМ өкілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жалпы, қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз», - деді ҚР ДСМ вице-министрі Марат Шоранов.