Екпе алғандарға COVID-19-дың ауырлығы қатты сезілмейді

Екпе алғандарға COVID-19-дың ауырлығы қатты сезілмейді
Сурет: Inbusiness.kz

Терапевт COVID-19 ауруының вакцина алғандар мен егілмегендер арасында қалай өтетінін салыстырып көрді.

Ресейлік терапевт Лапа вакциналаудан кейін коронавирустың ауыр ағымының қаупі іс жүзінде жойылады деп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ходанова атындағы иммунокоррекция орталығының бас директоры, терапевт дәрігер Людмила Лапа Sputnik радиосына берген сұхбатында COVID-19 ауруын вакциналанғандар мен егілмегендердің арасында салыстырып қараған.

Оның айтуынша, вакцинациядан кейін коронавирустың ауыр ағымының қаупі іс жүзінде жойылады, жеңіл немесе орташа ауырлықта ауыру байқалуы мүмкін. Ол белгілердің вакциналанбаған адамдардағыдай көрінуі мүмкін екенін, бірақ аурудың ұзақтығы айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті.

«Вакциналанғандар үшін мұның бәрі бір күн мен үш күн аралығында өтіп кетеді. Вакциналанған адамның температурасы да нормадан жоғары көтерілуі мүмкін, бірақ бір күн ғана. Ешқандай терапия қабылдаудың іс жүзінде қажеті жоқ», - деді ол.

Маман коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алмаған науқас кем дегенде он күн бойы өзін нашар сезінетінін атап өтті. Ең жақсы жағдайда, вакциналанбаған науқастарда COVID-19-дың негізгі белгілері бес күн ішінде пайда болады, бірақ ауру мұнымен жазылып кете қоймайды.

Бұған дейін "омикрон" штамының елде таралуына байланысты, вакциналанбағандарда ұзақ мерзімді денсаулыққа жағымсыз салдарлардың пайда болуы туралы ескертілген болатын. Азаматтарға медициналық масканы немесе респираторды үйде, жабық жайларда және басқа адамдармен байланыста пайдалану, сондай-ақ қолды жиі жуу мен антисептик қолдану ұсынылады.