Екпе алған алматылықтардың саны артты

Екпе алған алматылықтардың саны артты
Сурет: Mgppu.ru

Бүгінгі таңда қалада 85 вакциналау пункті жұмыс істейді.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде I компонентті 502 адам, II компонетті 348 адам вакцина алды. Ревакциналаудан 1 895 адам өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 2022 жылдың 12 шілдесі аралығында қала бойынша II компонентті 1 230 769 адам, II компонентті 1 195 607 адам вакциналанды. 2021 жылдың қарашасынан бастап  2022 жылдың 12 шілдесіне дейін 505 348 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 117 649 адамды құрайды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы: Vero Cell – 183 012 доза, Pfizer – 11 820 доза, QazVac – 40 793 дозаны құрайды.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 85 вакциналау пункті жұмыс істейді. 99 вакциналау бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылды», – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.