Экологтар трансшекаралық өзендер суы азайып бара жатқанын айтады

Экологтар трансшекаралық өзендер суы азайып бара жатқанын айтады Сурет: 24.kz.

Олар мұны соңғы 2-3 жылда байқаған.


Қазақстандық экологтар соңғы 2-3 жылда трансшекаралық өзендер суының азайып келе жатқаны байқалатынын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Трансшекаралық өзендермен судың аз ағып келуін соңғы 2-3 жылда байқап отырмыз. Ең алдымен, бұл - табиғи құбылыс. Қазіргі уақытта әлемдегі проблема климаттың өзгеруі болып тұр. Яғни, күн жылынып құрғақшылық орын алуда. Екіншіден, әр мемлекеттің тұрғылықты тұрғындарының дамуы, өсуі бар. Соған орай суды тұтыну көлемі артып келеді», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев.



Осы ретте ол Ресейден келетін Жайық өзені суының соңғы 2-3 жылда азайып кетуі еліміздің батыс өңіріне зардабын тигізіп отырғанын айтты.



«Ресей тарапымен бірнеше келіссөз жүргізген едік. Олар суды ең алдымен өз қажетіне пайдаланады. Біз судың төменгі сағасында отырғандықтан, олар пайдаланғаннан қалған суды қолданамыз. Жалпы, әр мемлекетпен трансшекаралық өзенді пайдалануға қатысты келісім бар. Мәселен, Ресеймен 2013 жылы бекітілген келісім бар. Сол келісімнің аясында әр өзен бойынша 6 жұмыс тобы құрылған. Айталық, Жайық пен Тобыл өзені 1996 жылғы хаттамамен реттеледі. Сол құжатқа сәйкес, су аз, орташа және көп жылдары өзімізге керекті су мөлшерін аламыз. Бірақ, Жайық өзенінің өзіндік сипаттамасы бар. Жайықтың суы аз циклі өте ұзақ болады. Ол 5-6 жылға созылуы мүмкін. Соның салдары біздің экологиямызға тиеді», - деді Арсен Жақанбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50