Экологтар алматылықтары «Бірге – таза Қазақстан» акциясына шақырды

Экологтар алматылықтары «Бірге – таза Қазақстан» акциясына шақырды
Сурет: Gov.kz

Бұл шараға қатысушылар Сайран көлін тазалайды.

Маусымның 25 күні Алматыдағы Сайран көлінің шығыс жағалауында «Бірге – таза Қазақстан» атты экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмы шараның мақсаты – ластанған табиғат мәселесіне халық назарын аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әмрин мақұлдаға. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұйымдастырылатын бұл акция үш жылдан бері Қазақстанның барлық аймақтарында өткізіліп келеді»,- делінген Алматы қалалық  Экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Акция барасында қатысушылар Сайран көлінің шығыс жағалауы тазалайды. Шараға қала тұрғындарымен жастарды және экологиялық белсенділер мен еріктілерді тарту көзделіп отыр.

«Барша жанашыр азаматтарды, барша Алматы қаласының тұрғындарын «Бірге – таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, қаламыздың тазалығы мен көріктенуіне өз үлестерін қосуға шақырамыз!» - делінген Алматы қалалық Экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.