Экологиялық білім әдістемелігі таныстырылды

Экологиялық білім әдістемелігі таныстырылды
Сурет: Work.ua

Тамыз конференциясында көтерілген тақырыптың бірі елдегі экологиялық мәдениетті дамытуға арналды. 

Оқу-әдістемелік құрал recycle.kz сайтындағы «экологиялық білім» бөлімінде көпшілік қолдануы үшін жүктеуге қойылады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
 
Ұстаздар қауымының мәжілісіне білім басқармасының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, ӨКМ Операторы және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Семей, Петропавл, Өскемен қалаларының білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Экологиялық білім беруді дамытудағы маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне экология тақырыбындағы материалды біріктіру. Компанияның басқарушы директоры ӨКМ Операторы Қайратғали Хайрулла «Экологиялық білімді оқу жүйесіне интеграциялау» атты алғашқы әдістемелік құралды таныстырды. Мұндай құралды мектеп бағдарламасына енгізу өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті оңтайлы сіңіруге мүмкіндік береді. Аталған жобада барлық мектеп пен мектепке дейінгі пәндер қамтылып отыр. 

Әдістемелік құрал бес негізгі бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарға арналған математикалық және әдеби оқу материалдары біріктірілген. Екіншісінде орта және жоғары сыныптардың оқу процесіне эко-білім беруді енгізу бойынша жұмыстар көрсетілген. Үшінші бөлімде Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының экология тақырыбына арналған үздік эсселері жинақталған. Соңғы екеуі қоршаған ортаға қатысты практикалық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталып отыр.