Экология министрі халыққа есеп береді

Экология министрі халыққа есеп береді
Сурет: Gov.kz

2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.

Есептік кездесуде министрліктің 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері баяндалып, түскен сұрақтарға жауап беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу бейнеконференция («Zoom») байланысы арқылы онлайн форматта өтеді. Сондай-ақ министрліктің Facebook, YouTube ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізіледі.

Қатысушылар тізімін және өз тараптарыңыздан сұрақтар болған жағдайда келесі мекенжай бойынша жолдауларыңызға болады: a.duisenbaeva@ecogeo.gov.kz және whatsapp желісі: 8 708 132 78 66.

Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/9043681468 
Идентификаторы: 904 368 1468 Кіру коды: 2131