Экоакцияға 300-ден астам адам қатысты 

Экоакцияға 300-ден астам адам қатысты  Суретті түсірген - Самат

Қалалық әкімшілік пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы Жетісу ауданының «Көкжиек» ықшамауданында «Almaty Clean & Green» атты қалалық экологиялық акциясын ұйымдастырды. 


Аталмыш акцияға қаланың барлық құрылымдары қатысты. Тазалық акциясы аясында 150-ге жуық акация көшеті отырғызылды. Қала әкімшілігі қажетті қолғап, қап, күрек, тырма секілді жабдықтармен қамтамасыз етті. Акцияға қатысушыларға ауыз су, ыстық бауырсақ таратылды. 
Сенбілік басталар алдында 15 минуттық жаттығу жасалып, қатысушылардың жұмысқа деген қабілетін арттырды. 



- Бүгін біздің ауданда кезекті сенбілік өтіп жатыр. Оған тек ауданның ғана емес, бүкіл қаламыздың тұрғындары атсалысып жатыр. Барлық сала құрылымдары мен жастар белсенділік танытуды. Көгалдандыру барысында аумақтар түгел тазартылды. Бүгін сенбілікті өткізуге 47 бірлік техника жұмылдырылып, 300-ден астам адам қатысты. Жетісу ауданы бойынша мұндай тазалық акциясы Солтүстік айналым ауданында, «Айнабұлақ-4» ықшамауданындағы және «Көкжиекте» өткізіліп жатыр, - деп атап өтті Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жандос Рахымғалиев. 



Сенбілік соңында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны ойнатылып, экологиялық тақырыпта викторина өткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет