ЕҚЫҰ Қазақстанда өткен президент сайлауына баға берді

ЕҚЫҰ Қазақстанда өткен президент сайлауына баға берді
Сурет: Ашық дереккөз

Миссияның бағалауынша, сайлау тыныш жағдайда өтті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссия басшысы Уршула Гацек Қазақстандағы президент сайлауын бақылау нәтижесін таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Миссия басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанда президент сайлауы тиімді ұйымдастырылды.

Алайда, сайлауда шынайы плюрализмді қамтамасыз ету үшін реформаны одан әрі жалғастыру қажет.

Сондай-ақ ЕҚЫҰ бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссия мәлімдемесінде сайлау барысы жайлы ақпараттар БАҚ-та кеңінен жарияланғаны айтылды.

«Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық процесін тиімді басқарып отырды және қарамағындағы жергілікті сайлау комиссияларын жан-жақты оқытуды қамтамасыз етті», - деді Уршула Гацек елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Миссияның бағалауынша, сайлау тыныш жағдайда өтті. Дауыс беру кезінде тиісті процедуралар сақталды.

Миссия мүшелері 1 131 учаскеде дауыс беру процесін бақылаған, соның 95%-на оң бағасын берді.

Одан бөлек, У. Гацектің айтуынша, сайлау барысын миссия атынан еліміздің әр өңірінде 300-ге жуық байқаушы қадағалады.