Екінші миллиардер әйел пайда болды

Ресейде онлайн-сауда арқылы Татьяна Банальчук есімді әйел байып кетті. Форбос журналының сарапшысының айтуынша, «Wіld berrіes» интернет-дүкені рейтинг бойынша сауда компанияларының ішінде бірінші орынға шықты. Оның тапқан табысы шамамен – 1,2 млрд. доллар.

Татьяна мен күйеуі Вла­дислав өздерінің дүкенін 2004 жылы ашты. Әуелде сайтта киім сатты. Содан бұлардың бизнесі дамып сала берді. Бүгінде олардың интернет дүкеніне орта есеппен айына 60 млн. тұ­тынушы кіріп шығады.

Бұған дейін Мәскеудің бұрынғы мэрі Ю.Лужковтың әйелі Елена Батуринаның биз­несі өрге жүзіп, жалғыз өзі көш бастап тұрған болатын. Құ­рылыс бизнесінің арқасында байып шыға келген ол күйеуі биліктен кеткен соң оны сатуға мәжбүр болған. Қазір Батурина инвестициямен айналысады.

Ал үшінші байшыкеш әйел Елена Рыболовлеваның әмия­нында 600 млн. доллар бар. Ол өзінің капиталын бұрынғы күйеуімен ажырасқан соң толықтырған.

 

Қалтасыз полиция

Кенияда билік жемқорлыққа қарсы күрес акциясы аясында полицейлердің киімінде қалта болмауы керек деген шешімге келді.

Парақорлықпен күресудің осындай тәсіліне үкімет те қарсы еместігін білдірді. Дегенмен де, биліктің бұл тосын шешіміне халық наразылық білдіре бастады. Олардың пікірі қалтадан үнемдеген ақшаны одан да полицейлердің және басқа да осы парақорлықпен күресетін органдар қызмет­керлерінің жағдайын жақ­сартуға неге жұмсамасқа келіп саяды.

Сондай-ақ, Ішкі істер ми­нистрлігі офицерлерінің өзі бұл киім формасын киюге ынталы емес екен. Олардың сөзінше, қалтаның алынып тасталуы киімнің сәнін бұзады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *