Екібастұздағы жағдайдан барлық әкімдер сабақ алуы тиіс - Премьер-Министр

Екібастұздағы жағдайдан барлық әкімдер сабақ алуы тиіс  - Премьер-Министр
Сурет: Pavon.kz

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді.

Әрі мұндай апат қайталанбас үшін еліміздегі барлық энергетикалық нысандарға техникалық аудит жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Екібастұздағы жағдай Үкімет отырысында қаралды. Облыс әкімінің айтуынша, қазір қаладағы жағдай әлі мәз емес. "25 көп пәтерлі және 100-ге жуық жер үйде жылу жоқ", - дейді Әбілқайыр Ысқақов.

«Бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Өз кезегінде жылу желісінде ыстық су бар. Бірақ аталған үйлердегі ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруміз керек. Сол үшін басқа қалалардан қосымша тағы да 23 бригада көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдарын жеткізу ұйымдастырылды», - дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов.

Ал Үкімет басшысы осы Екібастұздағы апаттан барлық әкімдер қорытынды шығаруы керек екенін айтты. Әрі Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне дереу апат себебін анықтауды және елдегі барлық энергетикалық нысандарға техникалық аудит жүргізуді тапсырды.