Екібастұзда жылуға қосылмаған көп қабатты 4 үй қалды

Екібастұзда жылуға қосылмаған көп қабатты 4 үй қалды
Сурет: Egemen.kz

Олардың жертөлесіне дейін ыстық су келіп тұр.

Енді оны пәтерлерге жеткізу жұмысы жүріп жатыр. Одан бөлек таңғы сағат 5-тер шамасында 15 үй жылудан уақытша ажыратылды. Себебі, тағы да ақау шыққан. Жедел штабтың мәліметіне қарағанда, түскі сағат 2-ге дейін бұл үйлер жылуға қайта қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске сала кетейік, кешеден бері апаттық жөндеу бригадаларына көмекке барып жатқандар саны көбейді. Қазір апат салдарын жою үшін 850 ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Олар негізінен қатып қалған құбырларды қыздырып, жарылған батареяларды ауыстырып жатыр.