Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды

Екібастұзда жылу қазандықтары іске қосылды
сурет:tengrinews.kz

Екібастұз ЖЭО-сындағы ақау жойылып, жылу қазандықтары іске қосылды.

Екібастұзда ЖЭО-дағы ақау жойылып, 6 қазандық іске қосылды деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды». 

"Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус", - делінген хабарламада.