Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі - жедел штаб

Екібастұзда бүгін кешке дейін 11 үйге жылу беріледі - жедел штаб
Сурет: Baq.kz

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.

«Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.