Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр – әкімдік

Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр – әкімдік
Сурет: Shvydkoservice.com

Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр. 

Палводар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде Екібастұз қаласындағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әкімдік өкілі қазір қалада 17 көп қабатты тұрғын үйдің жылусыз отырғанын еске салып, сумен жабдықтау жүйесінде де түйткілдер бар екенін мәлім етті.

«Су арнасы бойынша ресми деректер мынандай. 58 тұрғын үй қазір сусыз отыр. Бірақ ол үйлерге суды көлікпен жеткізу жұмысы ұйымдастырылған. Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр», - деді ол.

Қалада әлі де 17 көп пәтерлі тұрғын үйдің жылусыз отырғанын бұған дейін жазған едік.