Екібастұз-Ағадыр желісі іске қосылды

Екібастұз-Ағадыр желісі іске қосылды
aikyn.kz

Энергетика министрлігі 6 облысты жарықсыз қалдырған желіде жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді

«Авариялық жұмыстар аяқталған соң сағат 16:45-те Екібастұз-Ағадыр ӘЖ-500 кВ Л-5170 стансасы іске қосылды. Ажыратудың себебі - В фазасының №1111 тірегінде гирлянд үзіліп қалған», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең технологиялық қорғаныс әрекетінен Л-5170 Екібастұз-Ақадыр 500 кВ электр желісінде апат болғанын хабарлаған едік.

Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10% жарықсыз қалған.

«KEGOC» АҚ электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеп, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірінде тұтынушылардың толықтай жарықсыз қалуының алдын алған.

«Электр беру желісіндегі зақымданған тұсты анықтау және жою үшін жөндеу бригадалары барған», - делінген хабарламада.