Екі жылда cәби аңсаған 3300 отбасы балалы болды

Екі жылда cәби аңсаған 3300 отбасы балалы болды
Сурет: Inbusiness.kz

«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғаннан бері 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

«2020 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке ЭКҰ квотаны 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік 2021 жылдан бастап жыл сайын отбасылық жұптарға ЭКҰ жүргізуге 7 000 квота берумен «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде (2021-2022 жылдары) 14 000 әйел квота алды. Нәтижесінде 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді, шамамен 2 500 әйел жүктілігі бойынша қаралуда», - делінген министрлік ақпаратында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы 7 жылға арналған Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасы әзірленді.