Шекарадан алтын-күміске толы сегіз сөмкені алып өтпек болған

Шекарадан алтын-күміске толы сегіз сөмкені алып өтпек болған
сурет:halyq-uni.kz

Тексеру барысында 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Екі қазақстандық шекарадан 275 келі зергерлік бұйымдар өткізбек болған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Оқиға Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде болған. 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы «Қордай» көлік өткізу пунктінде екі қазақстандықты зергерлік бұйымдардың ірі партиясын әкеле жатқан кезінде жолда тоқтатқан.

Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.