Екі айдың ішінде 140 адам суға батып кеткен

Екі айдың ішінде 140 адам суға батып кеткен
Сурет: Sokolinfo.ru

Оның 49-ы – бала. 

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізде екі айдың ішінде 140 адам суға кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Былтырғы жылмен салыстырғанда, адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын. Су қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет», – деді Үкімет басшысы.