ЕҚДБ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғыртуға 130 млрд теңге бөледі

ЕҚДБ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғыртуға 130 млрд теңге бөледі
Сурет: Nur.kz

Нысан 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Еуропалық қайта құру және даму банкі Алматы ЖЭО-2-ні жаңғыртуға 130 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы электр стансалары" АҚ мен оның иесі және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында "Алматы ЖЭО-2-нің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту арқылы жаңғырту" жобасын қаржыландыру туралы несиелік келісімге қол қойылды. Мәміле сомасы 130 млрд теңгені құрайды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар "Алматы электр стансаларына" қаржы бөлу туралы тағы бір келісімге қол қойылды.

"Ескі ЖЭО-2 жанындағы учаскеде жаңа газ стансасының құрылысы бойынша жұмыс синдикат, жетекші халықаралық және қазақстандық банктер – ЕҚДБ, Азия Даму Банкі (АДБ) және Қазақстанның Даму банкі қаржыларын тарту арқылы жоспарлануда. Қаржы теңгемен беріледі", – деп жазылған хабарламада.

Жоба "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны атап өткен жөн. Ұлттық әл-ауқат қоры өзінің корпоративтік кепілдігін береді, бұл сарапшылардың пікірінше, тәуекелдерді азайтуға және несие беру шарттарын жақсартуға көмектеседі, ал келісімнің өзі жобаны ұзақ мерзімді қаржымен қамтамасыз етеді.

Несиелік келісімге "АлЭС" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кіркімбаев пен ЕҚДБ Еуразия, Таяу Шығыс және Африка бойынша Энергетика департаментінің директоры Аида Ситдикова қол қойды.

 "Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту арқылы жаңғырту" жобасы Алматы ЖЭО-2 алаңында қуаты 600 МВт-қа дейінгі газтурбиналық технологияларды қолданатын жаңа станса салуды көздейді.

Нысан 2026 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.