Екатерина Айдова: біздің образымыз бәрінің жүрегін жаулады

Екатерина Айдова: біздің образымыз бәрінің жүрегін жаулады
Cурет: Olympic.kz

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Қазақстан туын алып шыққан конькиші Екатерина Айдова ойынның ашылу салтанатына қатысты ойын ортаға салып, барша қазақстандық спортшыларға төртжылдық додасында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қадірлі қазақстандықтар! Баршаңызды көптен күткен маңызды оқиға – Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Ашылу салтанатына Мемлекет басшысының келгені де біз үшін қуанышты әрі толқынысты сәт. Қазақстан командасының ту ұстаушылары үшін үлкен абырой.

Ашылу салтанатында бастан өткерген сезімдерімді сөзбен жеткізу қиын. Мұнда қобалжу да, мақтаныш та, таңданыс та бар. Олимпиадашы болудың өзі үлкен жеңіс! Ал команданы атлеттер шеруіне бастап шығу үлкен мәртебе! Біздің образымыз барлығына ұнады. Костюмімізді бәрінің жоғары бағалағаны қуантады. Ашылу салтанаты да керемет өтті.

Бәрімізге белгілі кедергілерге қарамастан, үлкен мерекенің абыроймен өткені қуантады. Дәл қазіргі миллион түрлі сезімдерді бастан кешудемін. Барлық қазақстандықтарға сәттілік, жеңіс тілеймін. Жанкүйерлерге айтар алғысымыз шексіз! Бізге қолдау көрсетіңіздер», - деді спортшы.