Егісті суғару мәселесі бақылауға алынды

Егісті суғару мәселесі бақылауға алынды
Сурет: Botanichka.ru

Бұл мәселе еліміздің оңтүстік өңірлері үшін аса маңызды, өйткені оларға барлық суармалы судың 97%-ы тиесілі. 

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі егістік алқаптарын суаруға қатысты күрделі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл мәселе еліміздің оңтүстік өңірлері үшін аса маңызды, өйткені оларға барлық суармалы судың 97%-ы тиесілі. Мұнда биыл су аздығы байқалады.

Алматы облысы Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі өзен бассейндерінде жауын-шашын нормадан 39 пайызға аз, ал шағын және орта су қоймаларының толымдылығы вегетациялық кезеңнің басында 75-80%-ды құрады.

Жамбыл облысы Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде су деңгейі 20-25%-ға төмен. Себебі бұл өзендердің бүкіл ағыны Қырғызстан аумағында қалыптасады, ол жақта да су аз болғандықтан, мемлекетаралық су объектілері бойынша келісілген көлемді алу қиындады.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында Сырдария өзенінің су деңгейі Тоқтағұл су қоймасының толуына байланысты.

Түркістан және Қызылорда облыстарында Сырдария өзеніндегі су деңгейі Тоқтоғұл су қоймасының толтырылуына байланысты. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, биыл бұл су қоймасының көлемі соңғы 5 жылдағы ең төмен көрсеткішті көрсетті. Норма 15 млрд.м3 болса, биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша, толымдылығы тек 8,7 млрд. м3 құрады. Сондай-ақ Арыс өзенінің ағыны нормадан 73%-ға және тау өзендерінің орташа ағыны - 25%-ға төмен.

Мұнда жағдайды жеңілдету үшін «Қазсушар» РМК гидротехникалық және ұйымдастыру шараларын қабылдайды.

Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендігі суды көп қажет ететін күріш алқаптары орналасқан Қызылорда облысында суаруды қиындатып отыр. Мұндағы жағдайды жақсарту үшін «Қазсушар» РМК гидротехникалық және ұйымдастыру шараларын қабылдайды.

Биылғы жылы жоспарланған егіс көлемі 440 мың гектарды құрайтын Түркістан облысында суаруға қажетті судың 85%-ы Өзбекстан аумағынан келеді. Сондықтан мұндағы жағдай Достық, Зах, Ханым мемлекетаралық каналдары арқылы Сырдария өзеніне құйылатын судың көлеміне байланысты. Шардара су қоймасының көлемі өткен жылмен салыстырғанда, биыл 550 млн.м3 аз екенін ескеру қажет, - дейді министр.

 Сонымен қатар, Достық каналынан суғару бойынша өтінімдер көбейген, өйткені күріш егу алқабы 2 есеге ұлғайды. 2 мың га орнына 4,7 мың га егілді, бұл өз кезегінде қосымша 100 млн.м3 суды қажет етеді. Сондықтан мамыр айында Шардара су қоймасынан машиналық су беру арнасы іске қосылды. Сондай-ақ 14 дренажды ұңғыма және 3 сорғы тартылды.

Министр Алматы облысында 2020 жылы Қапшағай су қоймасы бойынша күрделі жағдай қайталануы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдау маңызды, - дейді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министрдің айтуынша, жалпы сумен қамтамасыз ету бойынша жағдай министрліктің бақылауында. Су тапшылығы салдарын барынша жеңілдету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Мәселен, Қазақстан Қырғызстанмен Тоқтоғұл су қоймасынан жаз айларында қосымша 330 млн.м3 су алу туралы келісімге қол жеткізді. Бұдан бөлек «Бахри Точик» (Тәжікстан) су қоймасынан Қазақстанға қосымша 315 млн.м3 көлемінде су жіберу туралы уағдаластық бар.

Сондай-ақ, Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ақпан-наурыз айларында өңірлерге судың аз болатыны туралы ескертті. Суды көп қажет ететін дақылдарды азайтуды, сондай-ақ осы жағдайды ескере отырып көктем-жазға дайындалуды ұсынды.

«Бұл ретте әкімдіктерге су деңгейінің төмендігі және қабылданған шаралар туралы шаруаларға ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Жергілікті билік «Қазсушар» РМК филиалдарымен бірлесіп, су берудің онкүндік жедел кестесіне сәйкес жоспарлы тәулік бойы су пайдалануды іске қосуы керек», - деді Мағзұм Мырзағалиев.