eGov.kz жүйесінде ақау шықты

eGov.kz жүйесінде ақау шықты
Сурет: Egov.kz

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шығып, қазір мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz eGov.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қoсымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс жұмыс жасамауы байқалады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз. Қазір аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтер жуық арада қалпына келтіріледі деп күтіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген eGov.kz-тің Telegram-каналында.