eGov.kz қызметтерін пайдаланушылар азаюда

eGov.kz қызметтерін пайдаланушылар азаюда
Сурет: Lliter.kz

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ең көп  пайдаланушылар Қарағанды ​​облысының тұрғындары болды. 

Үздік үштікке Алматы (пайдаланушылардың 36,4%) және Шығыс Қазақстан (пайдаланушылардың 35,7%) облыстары да кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес, 2021 жылы үй шаруашылығындағылардың  26,7%-ы электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1 пайыз аз. 2021 жылдың нәтижесі Қазақстанда цифрландырудың дамуына қарамастан, соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 30,8%, 2019 жылы – 30,4%, 2018 жылы – 34,6%, 2017 жылы – 33,2%-ды  құрады.

Өңірлер бойынша айтсақ,  электронды мемлекеттік қызметтерді ең белсенді пайдаланушылар Қарағанды ​​облысының тұрғындары болды: респонденттердің 43,1%-ы қызметтерді пайдаланды.

Үздік үштікке Алматы (пайдаланушылардың 36,4%) және Шығыс Қазақстан (пайдаланушылардың 35,7%) облыстары да кірді.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ең аз пайдаланатын өңір – Маңғыстау облысының тұрғындары. Сондай-ақ  Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы да осы қатарға кірді.

eGov.kz сайтындағы ең танымал қызмет Үкімет сайты арқылы ақпарат алу болды. Қызметті респонденттердің 22,3%-ы пайдаланды.