Египеттегі турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан жүлделі болды

Египеттегі турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан жүлделі болды
сурет: aqparat.info

Юсуп Батырмурзаев пен Марина Седнева қола медаль алды.

Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің үшінші күні қазақстандық 2 балуан қола медальға ие болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Асфандияр Есенжолов хабарлағандай, Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан, атап айтқанда, грек-рим күресінен 125 келі салмақта Юсуп Батырмурзаев пен әйелдер күресінен 55 келіде Марина Седнева қола медальға ие болды.

Бүгін, яғни жарыстың соңғы күні балуандарымыз еркін күрестен сынға түседі.