Егін жинауға берілген дизельді сатқан кәсіпкерлер анықталды

Егін жинауға берілген дизельді сатқан кәсіпкерлер анықталды
Сурет: Tengrinews.kz

Осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болады.

Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірінде жан-жақты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдері ретінде жанар-жағармайды экспорттау фактілері анықталды. Кейбір жағдайда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», – делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатынын айтты.

«Егер сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерге заңсыз сату немесе әкету фактілерінен хабардар болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауды сұраймыз», – деп ескертті ведомство.