Егілген талдарға қамқор боламыз

Егілген талдарға қамқор боламыз Суретті түсірген - Самат

Бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен қаланың қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған Almaty Clean&Green экологиялық акциясы өтіп жатыр. Осы ретте сенбілікке келген желтоқсаншылар өздеріне арналған саябақ аумағына қамқор болуға уәде берді.



– Бүгін, 22 сәуір күні, қалалық сенбілік болып жатыр. Соған бүкіл жастар, студенттер, желтоқсаншылар – әр ұйымнан келіп, ағаш отырғызып, қоқыс жинап, қала тазалығына үлес қосып отыр. Бұл – керемет бастама. Меніңше, енді тек саябақ аумағын емес, әркім өзінің үйінің алдын тазалап, жастарға үлгі-өнеге көрсетуіміз қажет. Әрбіріміз табиғатты аялайтын болсақ, экологиямыз жақсы болады деген ойдамыз. Осыған әркім үлес қосуы керек. Енді бұл Желтоқсан саябағы деп желтоқсаншыларға арналғаннан кейін келешекте облыстан, қаладан келіп, бүгін егілген талдарға су құйып, жыл сайын қарап  тұрамыз, – деді «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0