Егемендік декларациясына қатысты 10 дерек

Егемендік декларациясына қатысты 10 дерек Сурет: ашық дереккөз

  1. Осыдан тура 33 жыл бұрын ел егемендігін айқындайтын тарихи құжатқа қол қойылды.

  2. Тарихшылардың айтуынша, 17 баптан тұратын құжатты Жоғары Кеңесте депутаттар 6 сағат бойы талқылаған.

  3. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 11 рет сөйлепті.

  4. Он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің талқылауға қатысқан 360 депутаттың 71-і қарсы дауыс берген.

  5. Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны» 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағат 55 минутта қабылдады.



  6. Сол күні Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түркия президенті таныды.

  7. Деклара­ция 1991 жылғы 16 жел­тоқ­санда қабылданған еліміздің Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңға негіз болды. Осылайша, жаһанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалыптасты.

  8. Мемлекет басшысының 1995 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен 25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні деп жарияланды. 2001 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына жатқызылды.

  9. 2009 жылы Республика күні мемлекеттік мерекелер тізбесінен алынып тасталды.

  10. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 29 қыркүйекте Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарған заңға қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38