«Е-қызмет»жүйесін пайдалану тиімділігіне қатысты мәселелер қаралды

Департамент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру және «Е – қызмет» жүйесінде жұмысты ұйымдастыру тақырыбында вебинар өткізді»

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері үшін семинар өткізді, оның барысында жыл сайынғы бағалауға және «Е-қызмет»жүйесін пайдалану тиімділігіне қатысты мәселелер қаралды.

Вебинардың спикерлері Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В. С. Мурзагельдинова және басқарманың бас маманы С. Базашева болды.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және қызметшілердің кәсіби әлеуетін дамыту мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саяси қызметшілерді ротациялау енгізілгеніне назар аударды. Бұдан басқа, Жарлықта «Б» корпусының қызметшілерін мемлекеттік органдардың ішінде ауысу тәртібімен тағайындау мүмкіндігі көзделген.

Спикерлер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Е –қызмет» ақпараттық жүйесін пайдалану көрсеткіші, атап айтқанда мемлекеттік органдар онлайн режимде өңдеген құжаттар саны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *