Ең көне доп табылды

 

Доп алдымен Ежелгі Грецияда, Египетте және Қытайда қолданылған. Дегенмен, ойын ережелері барлық жерде әртүрлі болды.

Бір жерде допты дененің барлық мүшесімен, бір жерде қолмен, енді бір жерде аяқпен ойнауға рұқсат етілген. Британ аралдарының тұрғындары да доп ойнаған. Оған Шотландиядағы Стерлинг қамалының бір бөлмесінде табылған ескі доп дәлел.

Стерлинг сарайы Шотландия корольдері мен патшайымдарының тәж киетін және тұратын орны болған. Қамалды қалпына келтіру кезінде екі шатырдың арасынан ескі доп табылған. Болжам бойынша, біреу оны қатты соққымен теуіп, ол шатыр арасына қыстырылып қалған.

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, доп шамамен 470 жыл бұрын жасалған және ол «ең көне доп» саналып отыр. Белгілі болғандай, ойын добы шошқаның қуығынан және оның терісінен жасалған. Сондай-ақ, сығылған құрғақ шөппен толтырылған. Табылған доптың көлемі қазіргі футбол добының жартысымен бірдей.

Әзірлеген Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *