Дәстүрден сыр шертеді

Дәстүрден сыр шертеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе отырып «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты онлайн-көрмені ұсынды.

Көрмеде Иран халқының сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетінің әр түрлі аспектілерін бейнелейтін бірегей фотоматериалдарды жұртшылық назарына ұсынды. Сонымен қатар Иранның әр түрлі салалардағы, яғни өнер, сәулет өнері, спорт пен туризм, экономика және т.б. салалардағы қазіргі жетістіктерімен таныстырды.

Фотосуреттерде Бехистун сына жазуы, Персеполис, Фирдоусидің қабірі сынды тек ежелгі және қазіргі заманғы мәдени және тарихи нысандар ғана емес, сонымен қатар архитектуралық және діни құрылымдар бейнеленді. Фотосуреттердің көпшілігінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан Иран халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, мәдени рәсімдері мен қолөнері туралы айтылады.

Иранның дәстүрлі костюмі мен зергерлік бұйымдары үлкен қызығушылық тудырды. Кейбір фотосуреттер қазіргі Иранда тұратын түрікмендер, күрдтер және т.б.халықтардың мәдениетіне арналған. Сондай-ақ фотокөрмеде Иранның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері көрсетіледі.

Екі елшіліктің бірлесіп дайындаған көрмесі ҚР МОМ әлеуметтік желілердегі - facebook пен instagram парақшаларынан таныса аласыздар. Анықтама телефондары: ҚР ЦГМ 264-46-50, 264-55