Дүйсенбідегі ауа райы болжамы

Дүйсенбідегі ауа райы болжамы
Cурет: 24.kz

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді

29 қарашада республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады. Сонымен қатар барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде желдің күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.

Еске салайық, синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялаған болатын.