Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енгізілді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енгізілді
Сурет: Qazaqtv.com

 Бұл –  жаһандану үрдісі кезінде өзіндік тарихи даралықты сақтап қалу мүмкіндігі

ЮНЕСКО ұйымы биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 59 номинацияны жариялаған еді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұсынған Қырғызстан бұл санатта бірінші тұрды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мамандардың айтуынша, жарыстар көшпелі халықтың ұлттық спорт дәстүрлеріне қызығушылығын жаңғырта түскен. Сол себепті де ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.

«Бұл – маңызды оқиға. Әрине, дүниежүзілік мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енсек, қуана-қуана өз үлесімізді қосамыз. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Өйткені дәстүрлерді сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында жеткізу – үлкен міндет», - дейді волонтер Айнаш Анарбекова.

Көшпелі халықтардың ұлттық спорт жарыстарын өткізу ұсынысы Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия президенттері қатысқан 2012 жылы өткен Түркі тілдес елдердің саммитінде қолдау тапқан еді. Екі жылдан кейін Ыстықкөл жағалауында алғашқы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар бұл жарыстарда әрқашан көш басынан көрініп келеді.